Алматы трагедиясын тергеу мүмкіндігінше ашық және объективті жүргізілуі тиіс – Ләззат Сүлеймен
Депутаттың мәліметінше, 2022 жылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде болған әр факт жіті зерттеліп, тексерілуі, құқық қорғау органдарына жеткізілген және ұсталған адамдардың қорғалуға және білікті заң көмегін алуға конституциялық құқығы қамтамасыз етілуі керек.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн» деген пікірімен толық келісеміз. Мемлекеттік құзырлы органдардың қызметі барынша ашық, әрі объективті болуы, барлық жайт жасырылмай, ашық айтылуы міндетті.Ләззат Сүлеймен
Сондай-ақ, депутат асыраушысынан айырылған отбасыларға мемлекет көмектесуі керек, зардап шеккендер үшін оңалту жүргізіп, курсанттарға, әскери және полиция қызметкерлеріне материалдық және моральдық қолдау көрсету керек екенін айтты.
Өз кезегінде Үкімет, қанды қасірет себептері мен салдарына қатысты терең әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, содырлар соққысы қайталанбайтындай шаралар қамтамасыз етілуі тиіс екенін алға тартты.