Жаңалықтар тізбегі
0

Геосаясат па, COVID-19 ба: Путиннің Тоқаевпен және Макронмен кездесуіндегі ерекшеліктер

Келіссөздер, Ресей, Қазақстан, іссапар, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2022 10:59 Сурет: Ақорда
Әлеуметтік желілер, БАҚ пен Telegram арналарының қолданушылары Ресей президентінің Қазақстан және Франция басшыларымен кездесулерінің жай-жапсарын талқылап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

Кремль таратқан суреттен Тоқаев пен Путин каминнің жанында, тым жақын отырып сөйлескені, ал бірнеше күн бұрын Макрон Ресей көшбасшысымен келіссөзді тоғыз метрдей қашықтықта отырып жүргізгені байқалды.

10 ақпан күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге барды. Бұл Тоқаевтың Ресейге Жаңа жылдан кейінгі алғашқы жұмыс сапары болатын. Екі ел басшысы Қазақстандағы қаңтар оқиғасын талқылап, қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мәселелерін қарады.

Тақырып бойынша оқи отырыңыз:

https://kaz.zakon.kz/6002681-tokaev-pen-putin-kremlde-kelissozdi-bastady.html

Тоқаев Путинге бітімгерлік контингентін жіберу туралы үндеуіне жауап бергені және лаңкестік әрекеттерді тойтарыс беруде қолдағаны үшін алғыс білдірді.

Келіссөз қорытындысы бойыншаТоқаев пен Путин БАҚ өкілдеріне ортақ мәлімдеме жасады. Кездесу барысында 11 құжатқа қол қойылғаны белгілі болды.

Келіссөздер мен мәлімдеме жасау кезінде екі президенттің арақашықтығы тым жақын болды.

Келіссөз, Ресей, Қазақстан, мемлекет басшысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2022 10:59

Сурет: Ақорда

Оған қоса, мемлекет басшылары кездесудің басында да, бірлескен мәлімдемеден кейін де қол алысты.

келіссөздер, мәлімдеме, Ресей Федерациясы, Қазақстан, президент , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2022 10:59

Сурет: Ақорда

Осыдан бірнеше күн бұрын, 7 ақпанда Владимир Путин Франция президенті Эммануэль Макронмен келіссөз жүргізгенде, көрініс басқа болды. Бес сағаттан астам уақытқа созылған келіссөзде Украина мен НАТО-дағы жағдай талқыланды.

келіссөз, президент, Франция, Ресей, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2022 10:59

Сурет: kremlin.ru

Ресей мен Франция президенттері ұзындығы тоғыз метрдей болатын үлкен үстелдің екі басында отырып сөйлесті. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне ортақ мәлімдеме жасау кезінде де мемлекет басшылары бір-біріне аса жақындаған жоқ.

келіссөздер, Франция, Ресей, президент, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2022 10:59

Сурет: kremlin.ru

Кейбір сарапшылар, саясаттанушылар мен әлеуметтік желі қолданушылары президенттердің бұл арақашықтығынан геосаяси астар іздей бастады.

Дегенмен кейін Макронның бұлай істеуіне басқа жағдайдың себеп болғаны анықталды. Reuters агенттігінің екі дереккөзінің хабарлауынша, Эммануэль Макрон Ресейде ПТР сынамасын тапсырудан бас тарқан.

Осыған байланысты Макронға Ресей тарапынан таңдау беріліпті: не ол ресейлік дәрігерлерге ПТР сынамасын тапсыруға келіседі, не әлеуметтік қашықтықты сақтауы тиіс. Макронның екінші нұсқаны таңдағаны көрініп тұр. Кейін Франция президентімен бірге жүргендер «мемлекет басшысының ДНҚ-сын қалдырғысы келмей», қауіптенгені белгілі болды. Қазақстандық делегацияда мұндай үрей болмаған сияқты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: