Орталық сайлау комиссиясының хатшысы болып Мұхтар Ерман сайланды

Кадрлық тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2022 20:43 Сурет: ҚР ОСК
30 наурызда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырыста «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық заңның 11-бабының 2-тармағына сәйкес, Ортсайлаукомның хатшысы болып Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы сайланды.

Мұхтар Ерман 2022 жылы 30 наурызда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі арқылы Ортсайлауком мүшесі болып тағайындалған.

Бұған дейін Ортсайлауком хатшысы қызметін атқарған Щегорцова Анастасия Геннадьевна ҚР ОСК мүшесі ретінде қызметін жалғастыра береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: