Жаңалықтар тізбегі
0

Amanat партиясы референдумды қолдауда Қонаев қаласы жұртшылығымен кездесулер өткізді

Кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2022 19:38 Сурет: Amanat
Бүгін «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Қонаев қаласында партия активімен, зиялы қауым өкілдерімен, БПҰ мүшелерімен, қалалық су электр стансасы ұжымымен және тағы да басқа бірқатар кездесу өткізіп, алдағы жалпыхалықтық референдумның маңыздылығын талқылады. 

Зиялы қауыммен кездесуде Атқарушы хатшы жаңа облыстар құрылғаннан кейін Қонаев қаласы Алматы облысының әкімшілік орталығы ретінде осы өңірдің дамуына қосымша серпін беретінін атап өтті.

Ресми сапар, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2022 19:38

Сурет: Amanat

Қонаев қаласының тұрғындары – Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған еліміздегі ауқымды өзгерістерді қызу қолдаған алғашқылардың бірі. Енді саяси реформалар бағытын толық жүзеге асыру үшін «Екінші Республиканың» саяси іргетасы болатын конституциялық реформа жүргізу ұсынылып отыр. Еліміз демократиялық қағидаттарды толығымен ұстанады. Бұған Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар азаматтардың жаппай дауыс беруі арқылы енгізілетіндігі дәлел бола алады. Біз қала тұрғындары да оған белсенді қатысатынына сенімдіміз. Асхат Оралов

Өз кезегінде, Іле ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі Ербол Тұрымбетов облыс және қаладағы зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар, мәдениет және спорт қайраткерлері дауыс беруге шығарылатын түзетулердің маңыздылығын түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысып жатқанын хабарлады. 

«Референдум – бұл халқымыз үшін сынақ іспетті. Кездесулер барысында халықтың бұл бастаманы жоғары бағалайтынын және дауыс беруге қатысуға дайын екендігін көреміз. Өйткені елдегі кез келген өзгеріс түптеп келгенде Ата Заңға байланысты екені белгілі», - деп атап өтті Ерболат Тұрымбетов.

Кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2022 19:38

Сурет: Amanat

Партия активінің жиыны барысында Асхат Оралов аманаттықтар Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі және елдің ең ірі саяси күші бола отырып, барлық өзгерістің алдыңғы шебінде болуға тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, партия да бүкіл еліміз сияқты, трансформация процесін бастан өткеруде және қазір қазақстандықтардың Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған реформалар бағыты төңірегінде топтасуы маңызды.

Қалалық су электр стансасының ұжымымен жүздесу барысында да  алдағы өзгерістер жайы талқыланды. Кездесуге қатысушылар жалпыхалықтық референдум өткізуді қолдап, дауыс беру күні қала тұрғындары жоғары белсенділік танытатынына сенім білдірді.

Ресми сапар, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2022 19:38

Сурет: Amanat

Партияның Алматы облыстық филиалында «AMANAT»-тың 90 мыңнан астам мүшесі және 307 бастауыш партия ұйымы бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: