Жаңалықтар тізбегі
0

Астрахан облысының губернаторы ІІ-дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2022 11:14 Сурет: РФ-дағы ҚР елшілігі
Қазақстан Астрахан облысының жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің ондығына кіреді. Өткен жылы өзара сауда көрсеткіші шамамен 17 млн долларды құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаевтың Астрахан облысына жұмыс сапары өтті.

Облыс әкімі Игорь Бабушкинмен кездесуде Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков бастаған облыс делегациясы да қатысты. Кездесуде тараптар ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады. Биыл күзде Орынборда өтетін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы аймақаралық ынтымақтастық форумы аясында шекаралық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінуде.

Тараптар Қазақстан аймақтары мен Астрахан облысы арасындағы тауар айналымының оң серпінін атап өтті, республика өңірдің жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің ондығына кіреді. 2021 жылы өзара сауда көлемі 17 миллион долларға жуықтаған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 25%-ға артық. РФ-дағы ҚР елшілігі

Қазіргі таңда екіжақты сауда қатынасының әлеуеті толық пайдаланылмай отыр, сондықтан экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту және тауар айналымын арттыру бағытында жұмысты жалғастыру қажет.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық та қарқынды дамып келеді. Астрахан облысында қазақ мәдениетін насихаттайтын іс-шаралар, жетекші кәсіби шығармашылық ұжымдардың қатысуымен фестивальдер, театрлар мен филармониялардың гастрольдері өткізіледі.

Саны шамамен 150 мың адамды құрайтын қазақ диаспорасы Қазақстанмен рухани көпір болып табылады. Бұл көрсеткіш басқа Ресей өңірлеріне қарағанда көп. Қазақтар саны жағынан Астрахан облысында орыстардан кейін екінші орында тұр.

Кездесу барысында Игорь Бабушкинге ІІ-дәрежелі "Достық" ордені табыс етілді. Ермек Көшербаев атап өткендей, марапат губернатордың екі жақты ынтымақтастықты дамытудағы және халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайтудағы еңбегін мойындау болып табылады.

Сапар аясында Елші "Астрахань сетевязальная фабрикасы" АҚ және "Флотпроект" ЖШС болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: