ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы жаңадан тағайындалды

Кадрлық тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2022 15:25 Сурет: gov.kz
Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жан Ғалиев 1972 жылы желтоқсанда дүниеге келген.

Білімі мен білігі:

  • 1994 жылы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін;

  • 1996 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Халықаралық қатынастар институтын (Страсбург қ., Франция);

  • 1998 жылы Франция Премьер-министрі жанындағы Халықаралық мемлекеттік басқару институтын (Париж қ.), Адам құқықтары институтын (Страсбург қ.), Халықаралық құқық академиясын (Гаага қ., Нидерланд);

  • 2006 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірді.

  • І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.

  • Француз және ағылшын тілдерін меңгерген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебінде тілші-сарапшы ретінде бастаған.

  • 1999 жылдан бастап ҚР СІМ жүйесінде, Екіжақты ынтымақтастық департаментінің референті, үшінші хатшысы, екінші хатшысы ретінде жұмыс істеді;

  • 2001 жылдан 2005 жылға дейін Франциядағы ҚР Елшілігінің екінші хатшысы болды, одан кейін ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің Еуропа басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

  • Кейін Бельгия мен Франциядағы ҚР елшіліктерінде Кеңесші-уәкіл, сондай-ақ ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болып жұмыс істеді.

  • ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін 2017-2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Франциядағы және Монакодағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: