Мусин алда өткізілетін парламенттік сайлау мерзімін атады
Сурет: Zakon.kz
ҚР Әділет министрі Қанат Мусин ОКҚ-да өткен брифингіде Қазақстанда парламенттік сайлау қашан өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мусин сайлаудың нақты датасын айта алмайтынын айтты.
Оны нақты айта алмаймын, өйткені біріншіден, парламенттік сайлауды жариялаудың өз тәртібі бар. Егер кезекті сайлау болса, онда ол Парламент өкілеттігі аяқталуына біраз уақыт қалғанда жарияланады. VII сайланған Парламент Мәжілісінің қазіргі өкілеттігі 2026 жылы аяқталады. Егер біз мерзімінен бұрын сайлау туралы айтатын болсақ, онда бұл үшін Парламент таратылуы керек. Конституциялық норма сондай. Яғни оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуы тиіс. ҚР Әділет министрі Қанат Мусин
Міне, осыдан кейін ғана, министрдің айтуынша, сайлау күні белгіленеді.
Қаңтар айы немесе тағы бір басқа ай деп қазір нақтылап айту мүмкін емес, өйткені Мемлекет басшысы Жолдауда парламенттік сайлау 2023 жылдың бірінші жартысында өтетінін мәлімдеді. ҚР Әділет министрі
1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жариялап, оның барысында 2022 жылдың күзінде Президенттің кезектен тыс сайлауын өткізуді ұсынды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Парламент пен мәслихаттардың сайлауын 2023 жылдың бірінші жартысында өткізуді ұсынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript