Рим Папасы: Қазақстан – өркениет пен батылдықтың үлгісі
Ватикандағы Әулие Петр алаңына жиналған мыңдаған пірадарлар алдында сөз сөйлеген Рим Папасы Қазақстанға жасаған сапарын еске алды, деп хабарлайды Vatican News.
Католик шіркеуінің басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Әлемдік діндер көшбасшылары съезін ұйымдастырудағы ынтазарлығына және қонақтарды шын жүректен жылы қабылдағаны үшін" тағы да алғысын білдірді.
Рим Папасы Қазақстанның осындай үш съезд өткізгенін атап өтті. Оның айтуынша, мемлекет діндерді "бір-бірін тыңдап, құрмейттейтін" бейбіт әлем құруға жұмсалатын күш-жігер орталығына қойып отыр.
Бұл - атеистік режимнің қамытынан босап шығып, енді бір-біріне араластырмай, сондай-ақ бір-бірінен бөліп-жармайтындай саясат пен дінді біріктіретін өркениеттің жолын ұсынған, фундаментализм мен экстремизмді сөзсіз айыптайтын Қазақстан үкіметінің ерен еңбегі. Бұл арадағы бірліктің таразыланған ұстанымы осындай. Рим Папасы Франциск
Ол конгрестің 2019 жылдың ақпанында Абу-Дабиде қол қойылған Жалпыадамзаттық бауырластық туралы декларациядан бастау алатын құжатты талқылап, мақұлдағанын еске салды.
Мен Қазақстанның кездесу өткізуші ел болу маңдайына жазылғанын атап өттім: мұнда 80-нен астам тілде сөйлейтін 150-ге жуық этникалық топ өмір сүреді. Бұл географиялық ерекшеліктері мен тарихпен негізделген. Кездесулер, мәдениеттер, тілдер елі болу - мадақтауға әрі қолдауға лайық жол ретінде қабылданып, насихатталды. Сондай-ақ бүкіл қоғамның қажеттіліктеріне тиімді жауап бере алатын жетіле түскен демократияны құруды жалғастыратындарына үміт білдірдім. Бұл уақытты қажет ететін, оңай міндет емес, бірақ қазірдің өзінде Қазақстан ядролық қарудан бас тарту және ізгілікті энергетикалық және экологиялық саясат жүргізу сияқты оң таңдау жасап үлгергенін мойындау қажет. Шынымен де бұл батылдық. Қазіргі аяусыз соғыс кезінде кейбіреулерді ядролық қару жайын ойлауға мәжбүр етіп жатқанда Қазақстан басынан бастап ядролық қаруға "жоқ" деп айтып, ұстанымын ашық білдіріп отыр. Рим Папасы Франциск
13 қыркүйекте Рим Папасы Қазақстанға ресми сапармен келді. елорда әуежайынан Рим Папасы Францискті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі күтіп алды.
Әлемдік діндер көшбасшыларының съезіне қатысқаннан кейін Рим Папасы месседж өткізді.