ҚР елшілігі Қазақстан азаматтарын мүмкіндігінше Украина аумағынан кетуді сұрайды
Сурет: Zakon.kz
ҚР елшілігінің баспасөз қызметі Қазақстан азаматтарынан қазіргі уақытта әскери іс-қимыл жүріп жатқан Украина территориясын мүмкіндігінше тастап кетуді сұрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Украинаның барлық аумағында азаматтық инфрақұрылым мен мемлекеттік нысандарға шабуылдардың күшеюіне байланысты Қазақстан Республикасының елшілігі өз азаматтарын Украинаға барудан бас тартуға, ал елде жүргендерді әуе шабуылы сигналдарын елемеуге және жертөледе әрі бомба баспаналарында болуға шақырады. Cондай-ақ елшілік Қазақстан азаматтарын мүмкіндігінше Украина аумағынан кетуге шақырады. ҚР елшілігінің баспасөз қызметі
Айта кетсек, Ресей Федерациясы Украинаның ең ірі қалаларына, соның ішінде Киев, Харьков және Днепрге соққы бере бастады. Энергетикалық және өзге де инфрақұрылымдар нысанаға алынды, адамдар қаза тапты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript