Президенттіктен тағы екі үміткер ОСК-ға құжаттарын әкеліп өткізді
Сурет: freepik
11 қазанда Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан президенттігіне үміткерлігін ұсыну бойынша "Қазақстан әуесқой футболшыларының" қоғамдық бірлестігі атынан Бақыт Жаңабаев және "Тәжірибелік психология" қоғамдық бірлестігінен Фатима Бизақова құжаттарын әкеліп өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Орталық сайлау комиссиясы сайтында көрсетілгендей, қос үміткер өз құжаттарын тапсырды:
Атап айтқанда, ұйым отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсыну туралы хаттамасынан үзінді, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері мен өтініші, ОСК шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript