Сергей Лавров Астанаға келді
Сурет: Сергей Лавров/gov.kz
РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ірі халықаралық іс-шараларға қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін Астанаға Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров және Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев келіп жеткен болатын.
12-13 қазанда Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді, оған Әзірбайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Катар, Қырғыз Республикасы, Палестина, РФ, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Беларусь басшылары, Вьетнамның вице-президенті және ҚХР төрағасының орынбасары қатысады.
14 қазанда Астанада ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript