Жаңалықтар тізбегі
0

Мәулен Әшімбаев: Бұл заңдар – Әділетті Қазақстанды құрудың құқықтық іргетасы

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2022 16:23 Сурет: akorda.kz
"Бұл қадамдар соңғы үш жылдағы саяси өзгерістерді орнықтырып, мемлекетімізді одан әрі нығайту үшін мықты негіз қалады". Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жария түрде қол қойған алты заңына қатысты пікір білдірген Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді, деп хабарлайды Zakon.

Ол бұл жайлы Facebook-тегі парақшасында жазба жариялады.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев маусым айында өткен республикалық референдумның нәтижесін іске асыру үшін қабылданған бірқатар заңға жария түрде қол қойды. Олардың қатарында "Конституциялық Сот туралы", "Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы", "Прокуратура туралы" сияқты конституциялық заңдар бар. Осылайша билік тармақтары арасындағы байланыстың жаңа үлгісін қалыптастыруға және мемлекет басқару ісіне азаматтардың қатысуына жол ашуға мүмкіндіктер туып отыр. Мәулен Әшімбаев

Оның айтуынша, сондай-ақ еліміздегі адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесі нығая түсті.

Президентіміз атап өткендей, конституциялық реформа Қазақстан тарихында жаңа дәуір басталғанын айқындайды. Бұл қадамдар соңғы үш жылдағы саяси өзгерістерді орнықтырып, мемлекетімізді одан әрі нығайту үшін мықты негіз қалады. Шын мәнінде, бүгін қол қойылған заңдар Әділетті Қазақстан құрудың берік құқықтық іргетасы екені сөзсіз. Алдағы уақытта Парламент Сенаты әділеттілік қағидатына табан тірей отырып, заңнамалық жұмыстарды жалғастыра береді. Мәулен Әшімбаев

Айта кетсек, 5 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев биыл маусым айында өткен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумнан кейін қабылданған бірқатар маңызды заңға жария түрде қол қойды. Осыған сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап саяси салада қандай өзгерістер орын алатындығы белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: