Президенттікке үміткер Қарақат Әбден сайлауда дауыс берді
Сурет: Zakon.kz
20 қарашада өтіп жатқан сайлауда «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» ҮЕҰ-дан Қазақстан президенттігіне кандидат Қарақат Әбден дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарақат Әбден No135 сайлау учаскесінде дауыс берді. Ол учаскеге ата-анасымен келген.
Журналистердің сұрақтарына жауап берген Қарақат Әбден сайлауда жеңіске жеткен жағдайда Қазақстанның алдағы 7 жылда болашағы қалай дамитыны туралы пікірін бөлісті.
"Елдегі осындай игі, демократиялық қозғалыстардан үлкен үміт пен сенім күтемін. Біз әділетті, жаңарған Қазақстанға жетеміз деп ойлаймын.0 Үлкен үміт күтемін және осы уақытта барлық сайлаушыға өз идеяларымды жеткізе алдым деп ойлаймын. Әлеуметтік мәселелердің осындай жаңаруын көріп тұрмын. Бұл мен үшін маңызды. Мен алдағы жеті жылдан үлкен үміт күтемін».Қазақстан президенттігіне кандидат Қарақат Әбден
20 қарашада, яғни бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript