Ресей депутаты көше атауларын өзгертпек Қырғызстанды сынады
Сурет: kenesh.kg
РФ Мемлекеттік Думасының Халықаралық істер жөніндегі комитет басшысының орынбасары Дмитрий Новиков Қырғыз Республикасы Парламентінің төрағасы Нұрланбек Шакиевтің басқа тілдерден алынған елдімекендер атауы өзгертілуі керек деген мәлімдемесін сынға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дмитрий Новиковтың айтуынша, ҚР Парламентінің төрағасы Нұрланбек Шәкиевтің Бішкек астанасындағы көше атауларын өзгеру туралы мәлімдемесі тарихи байланыстарға соққы, деп хабарлайды 24 kg.
"Мен Ресей басшылығының орнында болсам, осындай шешімдерге қанағаттанбау тұрғысында өз ұстанымымызды білдіру бойынша әрекет ету қадамын қарастыруды ойластырар едім". Дмитрий Новиков
Ол Қырғызстанда "антисоветтік рецедив" барын мойындады. Алайда, мұндай кез-келген көрініс өткен тарихымызға селкеу түсіріп, сана-сезімімізге әсер етеді. Депутат "бір қарағанда мұның барлығы ұсақ-түйек болып көрінгенімен, оның тамырына ерте бастан балта шапқан дұрыс" деп атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript