Жанат Элиманов Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы қызметінде қалды
Президент жарлығы Ақордада жарияланды.
Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалсын, - делінген хабарламада.
Жанат Элиманов 1978 жылғы 16 тамызда Қарағанды қаласында туған. Білімі жоғары, 1999 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі:
2000 ж. – Қарағанды қаласы прокуратурасының соттық қаулылар және атқарушылық іс жүргізуді орындаудағы заңдылықты қадағалау бөлімі прокурорының міндетін атқарушы.
2000 ж. – Қарағанды қаласы прокуратурасының соттық қаулылар және атқарушылық іс жүргізуді орындаудағы заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры.
2000-2001 жж. – Қарағанды қаласы Совет ауданы прокурорының көмекшісі.
2001 ж. – Қарағанды облысы прокуратурасы шаруашылық істері бойынша соттық қаулылар және атқарушылық іс жүргізуді орындаудағы заңдылықты қадағалау тобының прокуроры.
2001-2002 жж. – Қарағанды облысы прокуратурасы азаматтық істері бойынша соттық қаулыларды орындаудағы заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры.
2002-2003 жж. – Қарағанды облысы прокуратурасы мемлекеттік органдары қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша басқармасының прокуроры.
2003-2004 жж. – Қарағанды облысы прокуратурасы мемлекеттік органдары қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша басқармасының аға прокуроры.
2004 ж. – Астана қаласы, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасы мемлекеттік органдары қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы;
2004-2007 жж. – Астана қаласы, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасы мемлекеттік органдары қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша басқарма басшысының орынбасары.
2007-2009 жж. – Бас прокурордың ерекше тапсырмаларын орындау жөніндегі аға көмекшісі.
2009 ж. – ҚР Әділет министрінің кеңесшісі.
2009-2012 жж. – ҚР Әдiлет министрлігінiң Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетi төрағасының орынбасары.
2012 ж. – ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ақпараттық-сараптамалық департаментінің басшысы.
20012-2014 жж. – ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаментінің басшысы.
2014-2017 жж. – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жедел іздеу қызметі департаментінің директоры.
2017 ж. – ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық қорғау департаменті басшысының орынбасары - Құқықтық қорғау департаментінің экономика саласында заңдылықты қадағалау басқармасының басшысы:
ҚР Бас прокуратурасының қарамағында;
ҚР Бас прокуратурасының Қоғамдық мүддені қорғау департаменті бастшысының орынбасары - Қоғамдық мүддені қорғау департаментінің (үшінші қызмет) экономика саласында заңдылықты қадағалау бойынша басқармасының басшысы.
2017-2019 жж. – ҚР Бас прокуратурасы Қоғамдық мүддені қорғау қызметі бастшысының орынбасары - Қоғамдық мүддені қорғау қызметінің экономика саласында заңдылықты қадағалау басқармасының басшысы.
2019 ж. – Қарағанды облысы прокурорының орынбасары.
2019 жылғы 22 сәуірден 2020 жылғы 27 қаңтарға дейін ҚР Қаржы министрілігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары.
2020 жылғы 28 қаңтардан 2021 жылғы 28 қаңтарға дейін - ҚР Қаржы министрілігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы.
2021 жылғы 28 қаңтардан қазіргі уақытқа дейін - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы.