KazAID және JICA дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

KazAID және JICA дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2022 11:37 Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
KazAID қазақстандық халықаралық даму агенттігі мен JICA жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігі дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Cыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, меморандумның мақсаты — Қазақстан мен Жапонияның дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастығын ресімдеу және нығайту.

Тараптар өңірдегі әлеуметтік және экономикалық дамуды ынталандыру мақсатында Орталық Азия елдерінде бірлескен жобалар мен бастамаларды іске асыруға ниетті.

Меморандумға KazAID тарапынан Басқарма төрағасы Дастан Елеукенов пен JICA тарапынан аға вице-президенті Сачико Имото қол қойды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: