Әділет министрлігі Қазақстанда қанша саяси партия тіркелгенін айтты

Мәжіліс депутаттарының сайлауы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2023 19:30 Сурет: Zakon.kz
Әділет министрлігі Қазақстанда қанша саяси партия тіркелгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомства атап өткендей, 2023 жылдың 18 қаңтарындағы жағдай бойынша елімізде 7 саяси партия тіркелген:

         1. "Amanat" партиясы;

         2. "Ақ Жол" Қазақстанның демократиялық партиясы;

         3. Қазақстан Халық партиясы;

         4. "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;

         5. "Жалпыұлттық социал-демократиялық партия";

         6. "Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы;

         7. "Respublica" партиясы" қоғамдық бірлестігі.

Айта кетсек, бүгін Қазақстанда Respublica партиясы тіркеуге алынғаны хабарланған болатын. 

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов қаңтар айында Парламентті тарату мүмкін екенін растады. Оның айтуынша, бұған депутаттардың өзі бастамашы болуы мүмкін. Өз-өзін тарату туралы мәлімдеме жасалған соң келесі сайлаудың мерзімі жарияланады. Ол заң бойынша Мәжіліс тарағаннан кейін екі айдан соң өтуі керек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: