Наиль Ахметзакиров Сот әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды

Наиль Ахметзакиров жаңа қызметке тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2023 11:56 Сурет: academy-gp.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Сот әкімшілігінің басшысы лауазымына жаңа қызметкер келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Наиль Рафисович Ахметзакиров Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Еңбек өтілі:

  • Шығыс Қазақстан облысының аудандық және облыстық прокуратураларында қызмет (2004-2009);
  • Бас прокуратурада түрлі басшы лауазымдардағы қызмет (2009-2015);
  • Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында басшылық лауазымдардағы қызмет (2015-2017);
  • ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының бастығы (2017-2018);
  • Президент Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2018-2019);
  • ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы (05.2019 ж. бастап)

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: