Жаңадан құрылған "Байтақ" және Respublica партиялары қай аймақтардағы сайлауға қатысады
ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов партиялық тізім бойынша мәслихат депутаттарын сайлауға қай өңірлерден жаңа партиялар қатыса алатынын айтты.
"Қазақстанның "Байтақ" жасыл партиясы 2023 жылғы 21 қаңтардағы қаулымен тек үш облыста (Атырау, Қарағанды және Қызылорда) мәслихат депутаттарын сайлауға жіберілді. "Байтақ" партиясының қатысуына рұқсат берудің кейбір мәселелері бойынша ОСК қаулысы ұсынылды. Онда "Байтақ" партиясының Ақтөбе, Алматы, БҚО, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында, Алматы Шымкент және Астана қалаларында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауға рұқсат беру туралы ұсыныс айтылған".ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов
Орталық сайлау комиссиясының екінші қаулысымен Respublica партиясы Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы, Шымкент, Астана қалаларында мәслихат сайлауына қатыса алады.
Осылайша "Байтақ" партиясына республиканың 15 облысында, Respublica партиясына 19 облыста мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысуға рұқсат берілді.
Қазақстан парламенті мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы бір күнде – 2023 жылдың 19 наурызында өтеді.