Жаңалықтар тізбегі
0

ОСК-дағылар Мәжіліс пен мәслихаттағы бір орынға қанша үміткер өзара таласқа түсетінін айтты

Мәжіліс сайлауы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2023 15:11 Сурет: ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Мәжіліс сайлауына қатысушы үміткерлер арасында жасы да, кәрісі де бар екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұның бәрі заң талаптарына сәйкес келеді.

Мәжіліске 7 саяси партияның партиялық тізімдері бойынша 281 кандидат, бірмандаттық округтер бойынша 435 кандидат тіркелді. Бұл орташа есеппен  бір мандатқа 15 адамнан бәсекеге түсіп отырғанын көрсетеді. 

Мәслихаттарға 118 партиялық тізім бойынша 1 447 кандидат, бірмандаттық аймақтық округтер бойынша 10 288 кандидат ұсынылды. Олар 3 081 мандатқа өзара таласқа түседі, сонда бір мандатқа орташа есеппен үштен астам үміткер өзара бәсекелестік танытады. ОСК және аймақтық сайлау комиссияларында барлығы 12 451 кандидат тіркелді.

Мәжіліс 98 депутаттан тұрады, оның 29-ы бірмандаттық аймақтық округтер бойынша сайланады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: