Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс сайлауында 12 миллионнан астам қазақстандық дауыс бере алады

ОСК төраға орынбасары елде 12 миллионнан аса сайлаушы дауыс бере алатынын айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2023 11:08 Сурет: Zakon.kz
ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров сайлаушылар тізіміне 12 миллионнан астам азамат енгізілгенін, олар Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында 4 наурыздан бастап дауыс бере алатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Константин Петровтың айтуынша, 26 ақпанда сайлау учаскелеріне ұсынылған сайлаушылар тізімдерінің барлық 20 массиві келіп түскен. Сонымен қатар, жазбаша өтініштері бойынша тізімге 48 001 азамат енгізілді.
"26 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті және атқарушы органдар сайлау учаскелеріне ауыстырған сайлаушылар тізімінен 12 миллион 32 мың 550 азамат шығарылды. Біз осы азаматтарды тексердік, оларды растадық. Нәтижесінде 12 миллион 32 мың 550 қайталанусыз және бірнеше дауыс беру орындарына қосылмаған бірегей сайлаушы бар." - деді Константин Петров.
4 наурыздан бастап азаматтар сайлаушылар тізіміне енгізілген-енгізілмегенін, қате тіркелгендігін тексеруге мүмкіндік алады.

Константин Петровтың мәліметінше, азаматтарды белгілі бір сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізуді SMS-хабарлама арқылы ұйымдастыру үшін цифрлық қорғалған нысанда сайлаушылар деректерінің барлық массивін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жіберіледі.

Сайлаушылар тізімі бойынша Алматы қаласы, Түркістан облысы және Алматы облысы көш бастап тұр.

Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қаңтарда жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ, осы күні президенттің ресми сайтында барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлық жарияланды.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: