Санкцияны айналып өтуі үшін Ресейге Қазақстан өз алаңын ұсынуға ниетті емес – ҚР СІМ

Санкция, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2023 18:15 Сурет: Zakon.kz
ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров санкцияны айналып өтуі үшін Ресейге Қазақстан өз алаңын ұсынуға ниетті емес деп сендіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Смадияров БАҚ-тардағы "Ресей өзіне қажетті технологияларды Қазақстаннан сатып ала бастағаны туралы" жаңалыққа түсініктеме берді. Ол бізде осындай фактілердің анық-қанығын зерттейтін арнайы мамандар бар екенін жеткізді.

"Қазақстан санкциядан айналу өту үшін өз алаңын ұсынуға ниетті емес. Бүгінгі таңда қазақстандық компаниялардың ешқайсысы қосарлас санкцияға ұшыраған емес. Бұл ақпаратты тексеру керек". Айбек Смадияров


Бұған дейін Ресей санкцияларды айнала өте отырып, микрочиптерді Түркия, Қазақстан және БАӘ арқылы сатып ала алады деп хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: