Жаңалықтар тізбегі
0

ОСК VIII сайланған мәжіліс депутаттарын партиялық тізім бойынша тіркеді

ОСК VIII сайланған мәжіліс депутаттарын партиялық тізім бойынша тіркеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2023 15:50 Сурет: freepik
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы VIII сайланған парламент мәжілісінің партиялық тізім бойынша сайланған депутаттарын тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерманның айтуынша, мандаттарды бөлу тәртібін партияның атқарушы органы сайлау өткеннен кейін 10 күннен кешіктірмей айқындайды.

"Үш санаттағы өкілдердің саны – әйелдер, жастар және мүгедектігі барлар партия алған мандаттардың кемінде 30%-ын құрауы тиіс".Мұхтар Ерман

Оның айтуынша, 27 және 28 наурызда ҚР ОСК-на алты саяси партия тиісті құжаттарын тапсырған.

"Сайлау туралы" Конституциялық заңның 98-бабына сәйкес ОСК сайланған мәжіліс депутаттарын тіркейді. Сонымен қатар "Сайлау туралы" Конституциялық заңның 45-бабы бойынша ОСК 7 күн ішінде сайланған депутаттарды депутаттық мәртебесіне сәйкес келмейтін өкілеттіктерін тоқтату туралы өтініштерін алғаннан кейін тіркеуге міндетті екені көрсетілген.Мұхтар Ерман

Тиісті қаулы қабылданғаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы VIII сайланған парламент мәжілісінің депутаттарына куәліктер мен төсбелгілерді тапсырды.

19 наурызда Қазақстанда мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті. Бір күн бұрын парламентке өткен "Аmanat", "Ақжол" ҚДП, "Ауыл" ХДП, Қазақстан Халық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы және "Respublica" партияларының өкілдері алған мандат саны бойынша мәжілістегі депутаттық мандатқа үміткерлердің тізімін жариялады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: