Тоқаев: Ұзақ жылдан бері алғаш рет өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат атанды

Қасым-Жомарт Тоқаев, сайлау, байыпты ұсыныс, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2023 10:19 Сурет: senate.parlam.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау науқаны кезінде көптеген орынды сын, байыпты ұсыныс айтылғанын айтты. "Біз айтылған салмақты ұсыныстарды міндетті түрде зерделейміз" деді ол, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бәсеке жоғары болғандықтан, сайлау нәтижесін алдын-ала болжау мүмкін емес болды. Оның қорытындысы еліміздің нағыз көппартиялы мемлекетке айналу жолында маңызды қадам жасағанын көрсетті. Мемлекет басшысы ретінде айтарым, Мәжіліске көзқарасы әртүрлі саяси ұстанымдағы күштер келді деп есептеймін. Алғаш рет ұзақ жыл бойы оппозицияда болған партия Парламентке өтті. Біз осының бәріне ауқымды саяси реформаның арқасында қол жеткіздік. Партияларды тіркеу мәселесін реттейтін заңнаманың өзгеруі де бұған септігін тигізді". Мемлекет басшысы

Президенттің сөзінше, енді партиялар еліміздің болашағына зор ықпал ететін саяси үдерістің басы-қасында жүреді. Мәжіліске бір мандатты округтен де депутаттар сайланды. Яғни, Парламентке түрлі әлеуметтік топтан шыққан өкілдердің келуіне жол ашылды.


"Сондай-ақ, ұзақ жылдан бері алғаш рет өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат атанды. Бірқатар азамат партия атынан шыққан үміткерлерді тартысты бәсекеде жеңіп шықты. Осылайша, елімізде демократия дәстүрі жаңа деңгейге көтеріліп, нығая түсті. Саяси күштердің бәріне бірдей мүмкіндік берілетініне азаматтардың сенімі артты".Тоқаев
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: