Мәжілістің комитеттеріне төрағалар сайланды

Мәжілістің комитеттеріне төрағалар сайланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2023 13:37 Сурет: parlam.kz
Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста палата комиттерінің төрағаларын сайлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Парламент мәжілісінің 7 комитетіне төрағаларды мәжіліс депутаттары бірлесе сайлады.

  • Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетін Оқу-ағарту министрлігінің бұрынғы басшысы Асхат Аймағамбетов басқарды;
  • Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы – Снежанна Имашева;
  • Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы – Айгүл Құспан;
  • Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы – Мәди Тәкиев;
  • Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы – Еділ Жаңбыршин;
  • Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы – Нұртай Сабильянов;
  • Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы – Серік Егізбаев.

Бұған дейін депутаттар Парламент Мәжілісінің жаңа спикеріне дауыс берген еді. Нәтижесінде Ерлан Қошанов өз орнын сақтап қалды. Мәжілістің вице-спикерлері де сайланды. Олар - Альберт Рау мен Дания Еспаева.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: