Мемлекет басшысы Ресейде отандық ЖОО-лардың филиалдарын ашу туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын және Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының жоғары білім беретін білім беру ұйымдарының филиалдарын құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген Ақорда сайтында.
Келісімде Ресей Федерациясында ҚР-дың жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын және Қазақстан Республикасында РФ-ның жоғары білім беру ұйымдарының филиалдарын құру және олардың жұмыс істеуі көзделеді.
Аталған келісімді іске асыру шеңберінде ресейлік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын ашу кезінде қазақстандық лицензия алу жүзеге асырылатын болады, филиалдарда оқыту білім беру бағдарламалары шеңберінде филиалдардың орналасқан елінің тарихы мен қазақ тілін міндетті түрде зерделей отырып, екі елдің мемлекеттік тілдерінде жүргізілуі мүмкін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылау және аккредиттеу, ресейлік үлгідегі білім туралы құжаттарды беру оқытылған.
Келісімді іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейтіні нақтыланады.