Төрт мемлекеттің төтенше және өкілетті елшісі Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсырды
Сенім грамоталарын Малайзия елшісі Мохамад Адли бин Абдулла, Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі Файсал бен Ханиф әл-Кахтани, Түркия Республикасының елшісі Мустафа Капуджу және Иран Ислам Республикасының елшісі Әли Акбар Джоукар тапсырды, деп жазды Ақорданың ресми сайты.
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтады.
Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттар өз міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Үкіметі оларға жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтіп, еліміздің аталған мемлекеттермен саяси, экономикалық байланыстарды қоса алғанда, барлық салада тығыз қарым-қатынас орнатқан стратегиялық серіктес екенін жеткізді.
Сурет: akorda.kz
Сонымен қатар Қазақстан халықаралық ынтымақтастыққа әрдайым ашық екенін айтты.
Рәсім соңында Президент елшілердің алдағы қызметіне табыс тілеп, олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.