Жаңалықтар тізбегі
0

Төтенше жағдайлар министрі жылу апаттары не себепті болатынын айтты

Төтенше жағдайлар министрі жылу апаттары не себепті болатынын айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2023 11:49 Сурет: pixabay
11 сәуірде ҚР үкіметінің отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қазақстандағы жылу электр станциялары мен жылу желілерінде апаттардың неліктен болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Апаттар негізінен негізгі және қосалқы жабдықты жөндеу мен жаңғыртуды ұзақ мерзімді жоспарлаудың болмауынан, оларды уақытылы техникалық байқаудан өткізбеуден және жылыту сыртын толық ауыстырудың орнына ішінара ауыстырудан болады. Қазандық пен қосалқы жабдықтардың мүмкіндіктері шектеулі. Олардың тозуы, ең жоғары жүктемелерді көтеретін жылу энергетикасы объектілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қуат қорының болмауы, энергетикалық кәсіпорындар басшылығының тиісті өндірістік бақылауы және жөндеуге қатысатын мердігер ұйымдар персоналының біліктілік деңгейінің төмендігі де апатқа себеп болады".Юрий Ильин

Сонымен қатар министрдің сөзінше, қазандықтар жобадан тыс отынмен жұмыс істейді. Ал техникалық диагностикаға, жөндеуге және қазандық элементтерін толығымен ауыстыруға қаражат жеткіліксіз.

"Жылу кезеңі тұрақты жақсы өтуі үшін әкімдіктер қауіп дәрежесі жоғары энергетикалық кәсіпорындар мен жылумен жабдықтаудың магистральдық құбырларын ерекше бақылауға алуы керек. Сонымен бірге төтенше жағдайларға жедел ден қоюы, электр энергиясының тоқтау себебін жою бойынша энергетикалық кәсіпорындармен жұмысты жалғастыруы қажет. Инженерлік желілердің жағдайына байланысты тұтынушыларды жылу энергиясымен қамтамасыз етуі керек".Юрий Ильин

Сонымен қатар министр әкімдіктер мен энергетикалық кәсіпорындар басшыларының назарын өндіріс ғимараттарының, шатыр элементтері мен құбырлардың сапасына, жел жүктемесіне төзімділігін тексеру және оларды жөндеу қажет екеніне аударды.

Екібастұзда жыл басынан бері бірқатар үйде жылу бірнеше рет үзілді. 2022 жылдың 27 қарашасына қараған түні Екібастұз қаласының тұрғын үйлеріне жылу және ыстық су беру ауқымды түрде тоқтатылды. Себеп ретінде Энергетика министрлігі жылу құбырларының тозуының жоғары деңгейін көрсетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: