Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда тағы екі саяси партия тіркеуден өтіп жатыр

Саяси партия, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2023 18:14 Сурет: gov.kz
Әділет министрлігі Тіркеу қызметі департаментінің директоры Алан Тіленшиев 11 сәуірде ведомствоның қарауына екі партияның құжаттары келіп түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алан Тіленшиев Қазақстанда саяси партияларды тіркеу жайына кеңінен тоқталды. 

"Қазір бізде екі партияның құжаттары қаралу үстінде. Олардың бірі - "Ел тағдыры" республикалық саяси партиясы, екіншісі - " Қазақстан Халық конгресі" Интернациональды демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі. Қазір олар тексеру сатысында", - деді ол.

Тіленшиев Әділет министрлігі қазір бұл партиялардың құжаттарын қарап жатқанын, олардың 5 мың мүшесінің тізімі бар-жоғын тексеруде екенін айтты. Осыдан кейін тиісті мемлекеттік органдарға – құқық қорғау және арнаулы органдарға сұрау салынады, өйткені "Саяси партиялар туралы" заңда қызметкерлерге, құқық қорғау, арнаулы органдардың қызметкерлеріне, Конституциялық соттың судьяларына, жоғары аудиторлық палата мүшелеріне партияға мүше болу жағынан шектеулер бар.

"Бізге осы органдардан ақпарат келіп түскеннен кейін, біз жарғылық және құрылтай құжаттарын зерделеп, тіркеу рәсімдерін жүргіземіз. Тіркеуге алудың жалпы мерзімі - бір ай, бірақ ол осы құжаттарды зерделеуге байланысты тоқтатылады. Бізге барлық органнан ақпарат келіп түседі, осыдан кейін біз қысқа уақыт ішінде тиісті бұйрық шығарамыз: Егер қандай да бір бұзушылықтар орын алса, онда тіркеуден бас тартамыз, егер бұзушылықтар болмаса, онда біз оларды тіркейміз", - деп түсіндірді спикер.

Қазақстанда 7 саяси партия ресми түрде тіркелгенін еске саламыз:

- Amanat партиясы.

- "Ақ Жол" Қазақстан демократиялық партиясы.

- Қазақстан Халық партиясы.

- "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы.

- "Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы".

- Қазақстандық "Байтақ" Жасылдар партиясы.

- "Respublica" партиясы" қоғамдық бірлестігі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: