Қазақстан Ресеймен қандай қарым-қатынас орнату керектігін өзі шешеді – ЕО елшісі
Сурет: Zakon.kz
ЕО-ның халықаралық арнайы елшісі Дэвид О ' Салливан ЕО біздің елімізге санкция салу жоспарланбағанын және Қазақстан Ресеймен қандай қарым-қатынас орнату керектігін өзі шешетінін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астанада өткен баспасөз мәслихатында оған журналистер: "Егер біздің еліміз Владимир Путинді Халықаралық қылмыстық сотқа бермесе, Қазақстанға санкция салынады ма" деп сұрақ қойды.
"Біз Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынастың ерекше сипатынан хабардармыз әрі оны мойындаймыз және Қазақстанға қандай да бір санкциялар салатындай ешқандай себеп жоқ. Бізде ондай жоспар жоқ. Біз Ресейдің Украинаға баса-көктеп кіруіне қарсымыз. Бұл - біздің басты үндеуіміз. Қазақстан Ресеймен қандай қарым-қатынас орнату керектігін өзі шешеді. Путинге нені жеткізгісі келеді, өзі біледі. Біз оның әрекеттері БҰҰ Жарғысына мүлдем қайшы келеді деп санаймыз, бұл әскери қылмыстар – бейбіт тұрғындар мен балаларға шабуыл. Біз мұны мүлдем қабылдай алмаймыз. Бірақ әр ел бұл тұрғыда қандай тәсілді ұстану керектігін өзі шешеді. Бұл - әр елдің өз жауапкершілігі". Дэвид О ' Салливан
Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапары 2023 жылдың қазан айының ортасына жоспарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript