Қазақстан не себепті Ауғанстанның жаңа әкімшілігімен ынтымақтаспақ
Сурет: pixabay
Қазақстан үкіметінің отырысы аясында вице-премьер - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстан Ауғанстанның жаңа әкімшілігімен және кәсіпкерлермен неліктен ынтымақтаса жұмыс істеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымының көлемі 1 миллиард долларға жеткенін, бұл Әзірбайжан мен Түркіменстанмен салыстырғанда көп екенін атап өтті.
"Сондықтан саясат - саясат, ал экономика - экономика. Біз бұл сауда ынтымақтастығын арттырамыз. Біздің бидай, ұн, күнбағыс майын бұдан да көп жеткізуге нақты перспективамыз бар. Неліктен біз бұл мүмкіндіктен бас тартуымыз керек? Бұл түптеп келгенде мемлекетіміз үшін пайдалы ғой".Серік Жұманғарин
Қазірдің өзінде Ауғанстанда қазақстандық сауда үйі ашылған. Жұмысты үйлестіру үшін ол жерге өкіл тағайындалған. Өйткені, Ауғанстан үлкен және алуан түрлі.
"Нарықты зерттеп, жергілікті кәсіпкерлермен танысу керек. Олар Қазақстанды, біздің мүмкіндіктерімізді көрсін деп, Ауғанстан кәсіпкерлерін осында шақырып, бизнес-форум өткізгім келеді. Өткен жолы өніммен айналысатындарды ғана емес, жер қойнауын пайдаланушыларды да ала бардық. Өйткені олар - жер қойнауын пайдалану жағынан өте бай ел. Олар қатты қызығып қалды".Серік Жұманғарин
Бұған дейін Қазақстан Ауғанстанның жаңа әкімшілігінің дипломаттарын аккредиттеуге рұқсат берген еді. Ауғанстанның жаңа әкімшілігінің Қазақстан тарапынан дипломаттарды аккредиттеу туралы өтінішіне жауап ретінде оң шешім қабылданды.
"Талибан" - Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript