Жаңалықтар тізбегі
0

"Перзент ретінде борышын атқарып келді": Қошанов президенттің Ресейге сапары туралы айтты

"Перзент ретінде борышын атқарып келді": Қошанов президенттің Ресейге сапары туралы айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2023 13:51 Сурет: parlam.kz
Журналистер мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтан президент Тоқаевтың Ресейдегі парадқа барғаны нені білдіретінін сұрады. Қошанов мемлекет басшысының бұл сапарын "перзенттік борышы" деп cипаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетері, 9 мамыр жеңіс күніне дейін БАҚ-та Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге, әскери парадқа бармайтыны хабарланған еді. Алайда президент 9 мамырда Ресейдегі шеруге қатысты. 

Ерлан Қошанов мемлекет басшысының бұл сапарын саясаттандырудың қажеті жоқ деп есептейтінін айтты.

"Ұлы отан соғысы - біздің ортақ тарихымыз, ұлы жеңіс те біздің ортақ тарихымыз. Сондықтан сол бауырлас мемлекеттердің басшылары кеше парадта болды. Бұл біздің соғыста қайтыс болған ата-бабаларымыз, әке-аталарымызға арналған құрмет деп ойлаймын. Біріншіден, бұл мәселені саясаттандырудың қажеті жоқ деп есептеймін. Біздің қазақ жерінен 1 млн 200 мың адам соғысқа кетті. Содан біздің сол әкелеріміз, аталарымыздың жартысы соғыстан орламады. Олардың көбі сол Ресейде жатыр. Солай ғой? Олардың іздеушісі, жоқтаушысы болуы керек пе, болмауы керек пе? Іздеушісі кім болуы керек? Іздеушісі біздің қазақ халқы, біздің президентіміз болуы керек деп ойлаймын. Президент барған сапарды зерделеп, назар аударып қарасаңыз, президент бірінші кезекте әуелі осы Астанадағы Отан қорғаушылар мемориалына барып, гүл қойып, осындағы қайтыс болған Отан қорғаушыларға тағзым етті, зиярат жасады", - деді Қошанов.

Мәжіліс төрағасының сөзінше, президент барған Ржев қаласында 22 мың қазақстандық, соның ішінде қазақ жауынгерлері шайқаста қаза болған. Солардың барлығының аты-жөні қашалып жазылған. 


"Олардың барлығына зиярат жасау үшін президент сол жерге барды. Соның басында кәдімгі біздің дәстүрімізбен құран да оқытты. Жоқтаушысы болып барды деп айтамын. Екіншіден, ол жерде біздің президентіміздің әкесінің туған ағасы Қасым Болтаев деген біздің қазақ жауынгері жатыр. Сондықтан мен осы жолы президент Ресейге сапарында өзінің азаматтық борышын, перзенттік және президенттік борышын атқарып келді деп есептеймін", - деді Ерлан Қошанов.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: