Жаңалықтар тізбегі
0

"Байтақ" партиясында жік шықты, "екі құлағы тік шықты"

Азаматхан Әміртай, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2023 20:27 Сурет: Zakon.kz
Бүгін Алматыда "жасылдар" партиясының хатшысы Владимир Мартельдің төрағалығымен отырыс өтті. Олар партияның Алматыдағы филиалының жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір "жасылдар" партиясы екі лагерьге бөлінген. Олар бір мезгілде Алматы мен Астанада бір-бірін айыптаған баспасөз конференцияларын өткізді. Бірі партияны рейдерлік жолмен басып алу орын алып жатқанын айтса, екінші тарап бұл айыптаулардың барлығын жоққа шығарып әлек. 

Бүгін Азаматхан Әміртайдың әріптестері Алматыда шұғыл жиналыс өткізді. Олар "Байтақ" партиясының Алматыдағы филиалының басшысы Бейбіт Апсенбетовты жұмыстан шығару туралы шешім қабылдады. "Жасылдар" партиясының хатшысы Владимир Мартель Алматы қалалық филиалы басшысының міндетін атқарушы болып Жұмабек Бастауовтың тағайындалғанын атап өтті.

"Орталық аппарат пен партия басшылығында Бейбіт Апсенбетовқа қатысты қордаланып қалған көптеген сұрақтар бар, оған біз сайлау кезеңінде және ол аяқталғанда да жауап ала алмадық. Филиал басшысы партияның сайтында "Байтақтың" сайлауалды бағдарламасына сай келмейтін қандай да бір "ерекше" бағдарламаны жариялауға жол берген, біздің ойымызша, бұл өте ауыр бұзушылық. Екіншісі - Бейбіт Апсенбетовтың үгіт-насихат парақшаларында жарияланған ұрандары, олар біздікінен мүлдем өзгеше болды. Өкінішке қарай, оған осы мәселелерге түсінік беру ескертілгенімен, өзі отырысқа келмеді". "Байтақ" партиясының хатшысы Владимир Мартель

Владимир Мартельдің айтуынша, сайлау кезеңі аяқталғаннан кейін олар Бейбіт Апсенбетовтан сайлау кезінде атқарылған жұмыстар туралы есеп ала алмаған, оның ішінде қаржыға да қатысты. Сондықтан партиялық бақылау комитеті оның атқарып отырған лауазымына сай келу-келмеуі жөнінде мәселені алға тартты.  

"Сондай-ақ партия филиалы мен ондағы саяси бюроның кейбір қызметкерлерінің партияға мүшелігіне қатысты маңызды мәселелер туындады. Біз ресми тіркеу базасын тексердік, олар шынтуайтында партия мүшелері болмай шықты. Одан бөлек Алматы қалалық филиалының партияға жаңа мүшелер тарту, сондай-ақ жарналар төлеу бойынша жұмыстар жүргізілмеген. Тіпті, олар партияның орталық аппаратына есеп беруді де ойға алмаған. Біздің барлық талаптарымыздан түк шықпады, олар оны орындаудан бас тартты". "Байтақ" партиясының хатшысы Владимир Мартель

Сондай-ақ, "Байтақ" партиясының хатшысы Апсенбетовтан басқа Қайрат Айтпай, Тимур Елеусізов пен Шыңғыс Лепсібаевты да партиядан шығару туралы шешім қабылданғанын атап өтті. Кадрлық өзгерістерге, дау-дамайларға қарамастан "жасылдар" партиясы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, ал оның басшысы Азаматхан Әміртай өз қызметінде болып табылады. 

Сонымен қатар, Алматының тағы бір бөлігінде Алматы қалалық филиалының басшысы Бейбіт Апсенбетовтың ұйымдастыруымен "Байтақ" партиясының басқа мүшелері өз баспасөз конференциясын өткізді. Жиналғандар алдында айтылған барлық мәлімдемені жоққа шығарды.

Апсенбетов филиалдың саяси кеңес өткізіп, партияның республикалық бюросының Әміртайды партия қатарынан шығару туралы шешімін қолдағанын, сондай-ақ партияның кезектен тыс съезін өткізуге шақырғанын хабарлады. Алматы қалалық филиалы басшысының айтуынша, Азаматхан Әміртайдың іс-әрекеті партияның имиджіне орасан зиян келтірді. Бейбіт Апсенбетов "Байтақ" партиясын басып алуға ешқандай әрекет жасалмағанын, осылай деп Азаматхан Әміртай барлығын шатастырып отырғанын мәлімдеді.

"Біз саяси кеңесте басым дауысқа ие болған шешім бойынша оны партия қатарынан шығарып тастадық. Өзіне деген сенімді жоғалтқаны, тәртіпті бұзғаны және партияны тартып алуға тырысқаны үшін. Жақын арада съезд өткізіп, жаңа төраға немесе тең төраға сайлайтын боламыз", - деді Бейбіт Апсенбетов.


"Байтақ" партиясының ішіндегі дау-дамайдың қалай аяқталатыны, әзірге белгісіз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: