"Байтақ" жасылдар партиясының республикалық штабында өрт шықты

Байтақ партиясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2023 23:51 Сурет: видео скрині
6 наурыз күні кешке "Байтақ" жасылдар партиясының республикалық штабында өрт шықты. Кеңсе Мәңгілік 30 мекенжайындағы бизнес-орталықта орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Партия өкілдері оқыс оқиғаны саяси бәсекелестіктің күшеюімен байланыстырып отыр.

"Оқиға орнына бірнеше өрт сөндіру экипажы келді. Оқиға туралы хаттама жасау үшін полиция да шақырылды. Штабтың барлық қызметкері шұғыл түрде эвакуацияланды. Бірнеше қызметі көміртегі тотығымен жеңіл түрде уланған", - деді партия өкілдері Instagram-да.

Зардап шеккендер жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: