ZHEIF-2023: Облыста интернет және байланыс сапасын жақсартуға бағытталған Жол картасына қол қойылды
Оған облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және байланыс операторлары қатысты.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі
Айта кету керек, «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы аясында 2023-2027 жылдарға арналған «Жамбыл облысының елді мекендерінің интернет желісіне және байланысына сапалы қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасы» байланыс операторларымен келісіліп әзірленген.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі
Аталған министрлік цифрландыру мен байланысты дамыту үшін қажетті инфрақұрылымды құру міндеттемесін алып отыр.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі
Жол картасы сәйкес, өңірдің 210 елді мекенінде мобильді интернет сапасын жақсарту, 155 елді мекенді талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету, республикалық және негізгі облыстық маңызы бар жолдарды цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және тағы да басқа жұмыстар жоспарлануда.
Жоспарлы жұмыстар 2027 жылдың соңына дейін жалғасады.