Жаңалықтар тізбегі
0

ҰҚК төрағасының орынбасары Қалқабаев Мәсімов жөнінде: "Қабылдауға тиіс шешімдерді қабылдаған жоқ"

Қаңтар оқиғасы, ҰҚК, Мәсімов ісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2023 13:41 Сурет: Zakon.kz
ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев ведомствоның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің үстінен қозғалған қылмыстық іске пікірін білдіріп, "ол қабылдауға тиіс шешімдерді қабылдаған жоқ" деп жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжіліс кулуарында Марат Қалқабаев ҰҚК тек сотқа дейінгі алдын ала тергеуді жүргізгенін атап өтті.

"Бірінші басшы өзі қабылдауға тиіс шешімдерді қабылдаған жоқ. Осы ғана. Сондықтан ол қылмыстық жауапкершілікке тартылды. (...) Тергеу барысында бәрі анықталды, мен, әрине, көп нәрсе айта алмаймын, бірақ бұйрық болмағанын, ол жай ғана шешім қабылдамағанын айта аламын. Осыны ғана айта аламын, онсыз да көп нәрсе айтып қойдым". Марат Қалқабаев

Марат Қалқабаев шешімді сот шығарғанын және мұнымен сот орындаушылар айналысуы керек екенін алға тартып, Кәрім Мәсімовтің мүлкін тәркілеу мәселесіне түсініктеме беруден бас тартты. Ол ҰҚК-нің бұрынғы басшысы мен басқа да сотталған қызметкерлер апелляциялық шағым түсіре алатынын атап өтті.

"Апелляциялық шағымнан кейін әлі кассация бар. Оған дейін ол уақытша ұстау изоляторында болады". Марат Қалқабаев

Ол қаңтар оқиғасының құпиясын ашпайтынын айтты.

"Іс өте құпия, құпияны ашамыз ба? Ашпайтын шығармыз. Толық ақпарат берілмейді. Қалай түсіндірсем екен? Қай елде болмасын құпияны қорғау туралы заң бар.  Бұл істің бүгінде "аса құпия" деген белгісі бар". Марат Қалқабаев

Ол бұл қылмыстық істің егжей-тегжейін айтып беретін болса, өзі де ісі тергеліп жатқандардың қасынан табылуы мүмкін екенін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: