Жаңалықтар тізбегі
0

Премьер-министр Әлихан Смайылов "Еуропалық Одақ – Орталық Азия" форумына қатысу үшін Алматыға келді

"Еуропалық одақ - Орталық Азия" форумы, Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2023 09:11 Сурет: primeminister.kz
Бүгін, 19 мамыр күні ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Алматыда өтіп жатқан "Еуропалық Одақ – Орталық Азия" екінші экономикалық форумына қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, форумның панельдік сессиялары аясында екі өңірдің экономикалық қарым-қатынасын нығайтудың өзекті мәселелері талқыланып жатыр.

Оның ішінде:

  • кәсіпкерлер арасындағы сауда байланыстарын дамыту;
  • мультимодальды жүк тасымалдарын жүзеге асыру;
  • сауда маршруттарының инфрақұрылымын жаңғырту;
  • коммерциялық операцияларды жүргізу саласында цифрлық шешімдерді енгізу;
  • мемлекеттік реттеу және т.б. бар.
, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2023 09:11

Сурет: primeminister.kz

Жоғары деңгейдегі сессияға Қырғызстан, Тәжікстан премьер-министрлері, Түрікменстан және Өзбекстан үкіметтерінің ресми өкілдері, Еурокомиссия, Еуропа елдері мемлекеттік органдарының және халықаралық қаржы ұйымдарының басшылары, іскер топ өкілдері және т.б. қатысады.

Форум аясында Қазақстан Үкіметінің басшысы бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: