Тоқаев "Орталық Азия – Қытай" хатшылығын құру идеясын қолдады

Қытай, Орталық Азия - Қытай саммиті, "Орталық Азия - Қытай" хатшылығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2023 11:34 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Қытай" хатшылығын құру идеясын қолдайтынын және Хатшылық Қытай аумағында жұмыс істей бастаса қарсы болмайтынын жеткізді. Бұл жөнінде Қазақстан Президенті Қытайда өтіп жатқан "Орталық Азия – Қытай" саммитінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Біз үшін өзара тиімді серіктестіктің стратегиялық бағытын тұрақты түрде жалғастыру маңызды" деген Президент Қазақстан "Орталық Азия – Қытай" хатшылығын құру идеясын қолдайтынын мәлімдеді.
"Қытайда «Ел біріксе, Тайшань тауын қозғалта алады" деген мақал бар. Сондықтан біз үшін өзара тиімді серіктестіктің стратегиялық бағытын тұрақты түрде жалғастыру маңызды. Бүгінгі айтылған барлық ұсыныстар қабылданып жатқан Сиань декларациясында қандай да бір түрде көрініс табатынына сенімдімін. Қазақстан "Орталық Азия – Қытай" хатшылығын құру идеясын қолдайды. Хатшылық Қытай аумағында жұмыс істей бастаса, қарсы болмаймыз, бұл қисынды болар еді".Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ елі "Орталық Азия – Қытай" екінші саммитін Қазақстанда өткізуге дайын екенін жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: