Қасым-Жомарт Тоқаевты форум залында Владимир Путин қарсы алды
Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысына қатысу үшін "Зарядье" концерт залына келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысын Ресей Президенті Владимир Путин қарсы алды.
Айта кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 мамырда өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Мәскеуге келіп жеткені хабарланған болатын.
Бүгін Президент "Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция" атты Еуразиялық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады деп жоспарланған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар форумға Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қатысады, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бейнебайланыс режимінде сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript