Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандағы әуежайлар авиаотын тапшылығы әсерінен бәсекеге қабілетін жоғалтып отыр

Қазақстандағы әуежайлар авиаотын тапшылығы әсерінен бәсекеге қабілетін жоғалтып отыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2023 12:51 Сурет: unsplash
Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Қазақстанда азаматтық авиацияның дамуына қандай мәселе кедергі келтіретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марат Қарабаев азаматтық авиацияның дамуына кедергі келтіретін бірқатар мәселенің арасында ең біріншісі авиаотын екенін айтты.

"Азаматтық авиацияның дамуын тежейтін негізгі факторлардың бірі - ішкі нарықтағы авиакеросиннің тапшылығы және оның қымбаттығы. Осы себепті отандық әуежайлар транзит компанияларды тартуда, оларға қызмет көрсетуде көршілес елдердің әуежайларына қарағанда бәсекеге қабілетін жоғалтып жатыр. Бұл Қазақстанның транзит әлеуетіне кері әсерін тигізіп отыр. Авиациялық жанармай нарығындағы тұрақсыз жағдайға байланысты әуе компаниялары жаңа халықаралық рейстер ашуға өсіп келе жатқан қажеттікті қанағаттандыра алмайды", - деді министр.

Оның айтуынша, отандық мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуаты авиакеросинге деген қажеттілікті өтей алмайды, сондықтан жанармайды Ресейден импорттау қажет.

"Бұл мәселені жүйелі шешу үшін авиакеросин өндірісінің жылдық көлемін (жылына 1 млн. тонна) арттыру қажет. Бұл ішкі нарықтағы тапшылықты және импортқа тәуелділікті жояды", - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Сонымен қатар ол жоғары білікті кадрлардың тапшылығын және аэродром төсемдерінің талапқа сай емес екенін айтты. Мысал ретінде ол Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы осыдан 20 жыл бұрын, 2003 жылы пайдалануға берілгенін және осы уақытқа дейін тек аэродром жабындарына қазіргі жөндеу жүргізілгенін айтты.

Бүгінде олардың жағдайы өте ауыр. Өйткені екі күрделі жөндеу мерзімі өтіп кеткен. Осыған байланысты, «Астана қаласы әуежайының инфрақұрылымын күрделі жөндеу және жаңғырту» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, «Мемлекеттік сараптаманың» оң қорытындысы алынды. Бюджеттік өтінімді қалыптастыру үшін құжаттамалар дайындалуда (I кезең бойынша жобаның құны - 11,5 млрд.теңге, ҰҚЖ күрделі жөндеу; II кезең бойынша жобаның құны 8,8 млрд. теңге - рульдеу жолағын күрделі жөндеу, магистральдық рульдеу жолағы, әуеайлақтың су-дренаж жүйесіне). Осы жұмысты жеделдету үшін, қазіргі уақытта Қаржы министрлігімен пысықтап жатырмыз" - деп қосты Марат Қарабаев.

Министр аэродром аумақтарын заңсыз игеру мәселесіне де тоқталды.

"Бас прокуратураның тексеріс жүргізуі барысында әуежайлардың санитарлық-қорғау аймағының шекарасында жергілікті атқарушы органдардың 1 мың 200-ге жуық учаске (тұрғын үй, коммерциялық және басқа да объектілерді салу үшін) бергені анықталды. Оларда 900-дан астам ғимарат салынған. Сонымен қатар аэродром маңындағы аумақтарда, әуежай комиссияларының келісімінсіз 100 мыңнан астам түрлі объектіні (тұрғын үй, коммерциялық, өнеркәсіптік және т.б.) салу фактілері бар. Заңсыз құрылыс салу бойынша неғұрлым күрделі жағдай Алматы, Шымкент, Атырау және Ақтөбеде байқалады", - деді министр.

Ол әуеайлақ аумақтарын пайдалануға қатысты нақты талаптарды белгілеу мақсатында әуеайлақ аумағында орналасқан жер учаскелеріне құқықты беру тәртібіне қатысты түзетулер енгізілгенін атап өтті.

Бұған дейін ол жыл соңына дейін Қазақстаннан жаңа халықаралық рейстер ашу жоспарланғанын айтқан еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: