Тоқаев Ердоғанның салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысады

Түркия президенті, Ердоғанды салтананын ұлықтау рәсімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 17:30 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 3 маусым күні Анкараға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Мемлекет басшысы Анкараға Режеп Тайип Ердоғанның шақыртыуымен барады.

Осы күні Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысады.

Ал 29 мамыр күні Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды биыл күзде түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының 10-мерейтойлық саммитіне қатысуға шақырған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: