Жаңалықтар тізбегі
0

Дәретханасы далада және былғары диваны бар мектептер: Годунова шенеуніктерден бюджетке жауапты болуды сұрады

Дәретханасы далада және былғары диваны бар мектептер: Годунова шенеуніктерден бюджетке жауапты болуды сұрады, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2023 12:00 Сурет: gov.kz
Жоғарғы есеп палатасының төрайымы Наталья Годунова басшылар бюджеттен бөлінген қаржыға жеткілікті түрде жауап бермейді деп есептейді. Сол үшін де "кейбір мектептердің әжетханасы сыртында, ал кейбірінде былғары диваны мен кофеқайнатқышы бар" деп хабарлайды Zakon.kz.

Наталья Годунова 15 маусымда сенаттың жалпы отырысында бюджеттен сұралған ақшаға басшылар жеткілікті жауапкершілік алмайды деп санайтынын мәлімдеді. Ол өңірлерге аударылатын трансферттердің көлемі ұлғайғанын, бірақ ресурстарды берумен бірге жауапкершілікті де аудару керек екенін айтып отыр.

Алайда, оның пікірінше, министрліктер тіпті трансферттерді өңірлерге аударып бергенмен оларды пайдалану нәтижесі үшін жауапкершіліктен босатқан. Наталья Годунова салалық министрліктер тарапынан жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге іс жүзінде ешқандай мониторинг жүргізілмейді, әлеуметтік нысандардың кадрлық қамтамасыз етілуіне баға берілмейді, оның орындалуына кейіннен бақылау жүргізілмейді деп есептейді.

"Аймақтарға ақша берілді, бұл енді біздің мәселе емес. Сондықтан анда-санда бір жерде дәретханасы сыртында орналасқан мектептер, сосын тағы бір жерде былғары диваны мен кофеқайнатқышы бар мектептер пайда болады. Бір ауылда мектеп шамадан тыс жүктелген, апатты жағдайда. Ал көршілес ауылда балалар ауылдың арғы басына дейін жаяу жүрмес үшін үшінші мектеп салынып жатады".Наталья Годунова

Ол Оқу-ағарту министрлігі құрылыс олардың профиліне жатпайды деген желеумен «Жайлы мектептер» жобасын жүзеге асырудан бас тартқанын еске салды. Салдарынан жобаны «Самұрық-Қазына Құрылыс» АҚ Құрылыс дирекциясының қоры мемлекеттік сатып алу ережелерін сақтамай-ақ жүзеге асырып келеді дейді Наталья Годунова.

"Үлкен ресурс бөлінген, 2,6 триллион теңге. Сұрақ бар ма? Бар. Мұндай мысалдарды кез келген басқа министрліктен табуға болады".Наталья Годунова

Жоғарғы есеп палатасы заңнамалық деңгейде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру үшін елдегі жағдайды тұтастай көріп, бюджет қаражатын жұмсайтын орталық мемлекеттік органдар басшыларына да жауапкершілік енгізу қажет деп санайды. 

"Осыған байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және әзірленіп жатқан жаңа бюджеттік кодекске өзгерістер енгізу ұсынылып отыр. Сонда мемлекеттік ресурстарды тиімсіз пайдалану және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізбеу туралы фактілерді 3-5 жылдан соң емес, уақытында айта аламыз".Наталья Годунова

7 маусымда өткен мәжілістің жалпы отырысында ол республикалық бюджеттің атқарылуына қатысты жүйелі проблемаларды атады. Наталья Годунова үкімет бюджет шығысын алға қойған стратегиялық мақсаттармен байланыстыруды әлі үйренбегенін атап өтті. Салдарынан іс-шараларға арналған үлкен ресурстың шашырауы ұлттық мақсаттарға қол жеткізуге әсер етпейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: