Штайнмайер қазақстандықтар үшін Германияға виза алу талабын жеңілдету жөніндегі ұсынысты қолдайтынын айтты

Германия президенті, Германияға виза, виза, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2023 15:10 Сурет: akorda.kz
Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан азаматтары үшін виза талаптарын жеңілдету мәселесіне қатысты пікірінбілдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Қазақстан азаматтарының Германияға баруын және Германия азаматтарының Қазақстанға келуін анағұрлым жеңілдететін мүмкіндіктерді қарастыруға олар да мүдделі екенін айтты.

"Бұл өте маңызды аспект. Қазақстан азаматтарының Германияға келуін және Германия азаматтарының Қазақстанға келуін анағұрлым жеңілдететін мүмкіндіктерді қарастыруға біз де мүдделіміз. Өзіңізге мәлім, виза мәселесі Еуропалық Одақ деңгейінде, еуропалық ведомстволар деңгейінде қарастырылады. Сондықтан біз бұл мәселе бойынша ЕО ұстанымын құптаймыз".Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер

20 маусым күні Германияның Федералды президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында бірқатар құжатқа қол қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: