Елімізде қай салаларда жемқорлық кең таралғаны белгілі болды
Сурет: Zakon.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дмитрий Малахов Қазақстандағы жемқорлық ең көп таралған аймақтарды атады, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қылмыстық құқық бұзушылықтар саны бойынша ауыл шаруашылығы үнемі көшбасшылар үштігінде - 382 қылмыстық құқық бұзушылық. Одан кейін білім беру саласы - 343. Сосын әлеуметтік сала - 295 іс", - деді спикер.
Оның айтуынша, 2020 жылдан бері тек білім саласының өзінде қылмыстық істер бойынша 143 адам сотталған.
"Көбіне жымқыру, пара алу және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану фактілері тіркеледі. Көбіне бұл қылмыстарды оқу орындарының директорлары мен есепшілері, білім бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері жасайды", - деді Дмитрий Малахов.
Бұған дейін ол білім саласының шенеуніктері бюджет қаражатын қалай "жымқырғанын" айтқан еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript