Жаңалықтар тізбегі
0

Президенттің Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларын жүзеге асыру жоспары қабылданды

Ұлттық құрылтай, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2023 19:20 Сурет: akorda.kz
1 шілдеде Президенттің Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында сөйлеген сөзінде көтерген бастамаларды жүзеге асыру жөніндегі жоспар қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин аталған жоспарда қоғамдық құндылықтарды қайта жаңғыртуда негізгі діңгек болатын бағыттар, яғни білім, ғылым және мәдениет салалары бойынша нақты іс-шаралар мен жобалар қарастырылғанын айтады.

"Атап айтқанда, "Балалар кітапханасы" бағдарламасын іске асыру, ауыл мектептерінің жағдайын жақсарту, өскелең ұрпақты рухани тұрғыдан дамыту, отандық әдебиет пен кітап шығару ісін өркендету, Археология институтын жаңғырту, Қазақстан тарихына арналған академиялық көптомдықты жарыққа шығару, балалар мен жасөспірімдер және еріктілер ұйымдарының қызметін жетілдіру жөніндегі жобалар бар. Сондай-ақ, жастар арасында құмар ойындар мен есірткінің таралуының алдын алу, оған қарсы жүйелі күрес жүргізу және тағы басқа бастамалар жөніндегі шаралар қарастырылған", деп жазды Ерлан Қарин Telegram-дағы парақшасында.

Оның айтуынша, жалпы Президенттің Түркістанда сөйлеген сөзі ұзақ мерзімді перспективаға арналған және идеологиялық жаңа жалпыұлттық күн тәртібін белгілеп берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: