Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың 4 шілдеге арналған жоспары айтылды

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі, Қазақстан президенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2023 16:00 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына бейнеконференция форматында қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде ақпарат Ақорданың Telegram арнасында жарияланды:

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 4 шілде күні Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына бейнеконференция форматында қатысады", – делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жиын қорытындысы бойынша Нью-Дели декларациясына және басқа да бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: