Талдықорғанның жаңа басшысы алдындағы экс-әкімнің не себепті қызметінен кеткенін айтты
Сурет: gov.kz
Жетісу облысының әкімшілік орталығының жаңа басшысы Ернат Базил алдындағы әріптесінің өз қызметінен неге кеткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ернат Базил Талдықорғанның экс-әкімі Әсет Мұсабаев микроинсульт алғанын, соған байланысты ұзақ емделуі керек екенін жеткізді. Дәл осы себепті ол әкімнің креслосын босатуға мәжбүр болыпты.
"Соңғы жарты жылда оның денсаулығы қатты сыр беріп жүрді. Дәрігерлер оған ұзақ мерзімге ем-дом тағайындады, шамамен 2-3 айға. Сондықтан ол жұмысын жалғастыра алмады, өтініш жазып, өз еркімен қызметінен кетті", - деді жаңа әкім қала тұрғындарымен болған кездесуде.
Айта кетсек, Ернат Базил 2023 жылдың 30 маусымында Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды. Талдықорғанның бұрынғы әкімі Әсет Масабаев қала басшысы қызметінен өз еркімен кетті. Мамыр айының басында ол микроинсульт алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript