Арман Жүдебаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды

Арман Жүдебаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2023 12:55 Сурет: primeminister.kz
Арман Жүдебаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Әділханұлы Жүдебаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын 2006 жылы «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РМҚК-да аспаптар оркестрінің әртісі болып бастаған.
  • 2009-2011 ж.ж. — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ дирижерлеу кафедрасында оқытушы.
  • 2011-2013 ж.ж. — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ оқытушысы, аға оқытушысы.
  • 2013-2018 ж.ж. — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ бас дирижері.
  • 2018 жылдан осы уақытқа дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болды.
  • 2023 жылдың мамырынан ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы болды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: