Тоқаев қаза тапқан мұғалімді ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады
Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев қаза тапқан мұғалім Александр Руденконы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Астана қаласының № 32 мектеп-гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Александр Иванович Руденконы (марқұм) адам өмірін құтқаруға байланысты төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.
Сурет: akorda.kz
Александр Руденко 2023 жылдың 12 шілдесінде Шортанды көлінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып, қаза тапты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript