Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жылу оқшаулағыш материалдың жекелеген түрлерін әкелуге тыйым салынады

Қазақстанда жылу оқшаулағыш материалдың жекелеген түрлерін әкелуге тыйым салынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2023 11:56 Сурет: Zakon.kz
ҚР Сыртқы істер министрлігі "Жылу оқшаулағыш материалдардың жекелеген түрлерінің импортын реттеудің кейбір мәселелері туралы" бұйрық дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жолақ немесе таспаларды, құбырларды, шлангілер мен басқа да құбырларды қоспағанда көбіктелген синтетикалық каучуктен жасалған жылу оқшаулағыш материалдың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден алты ай мерзімге әкелуге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.

ҚР Сауда және интеграция министрлігіне бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету және ЕЭК-ке Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында осыған ұқсас бірыңғай шараны енгізу туралы ұсыныс енгізу тапсырылды.

Импортқа тыйым салуды енгізу бүгінде көбіктелген синтетикалық каучуктан жылу оқшаулағыш материалдарын шығаратын отандық кәсіпорындардың жүктемесі өндіріс қуатының небәрі 4%-ын құрайтынына байланысты.

Құжат 15 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтына жарияланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: